22.02.2022: Бір ғасырда бір келетін ерекше күн
22 февраля 2022
Бүгін еліміздегі АХАТ бөлімдерінің жұмысы қызды. Бұрын — соңды болмаған неке нөпірі тіркеліп, мыңдаған жас отбасын құрды. Бұған бүгінгі күннің тікелей қатысы бар. Айна датасы аталған 22. 02. 2022 көпке шабыт бергенге ұқсайды. Ғалымдар да бұл сейсенбінің сиқыры бар дейді. Қорқыныш пен күдіктен құтылып, қуаныш пен үмітке ұмтылатын күннің күшін Нұрай Құрақпай әңгімелейді.