3 АЙ БОЙЫ ТЕКСЕРГЕН САЛЫҚ ОРГАНЫНЫҢ КЕСІРІНЕН 500 АДАМ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАҚШЫ
3 марта 2021
Қызылордада 500-ден астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Жол жөндеумен айналысатын серіктестік өзін банкрот деп таныған және оған салық мамандарын кінәлауда. Себебі заң бойынша бір ай көлемінде жүргізілуге тиіс тексеру 3 айға созылыпты. Мұнымен шектелмеген мемлекеттік кірістер департаменті екінші мәрте де тексеру ұйымдастырған. Осының салдарынан жол жөндеушілердің алғашқыда жұмысы қысқарып, енді мүлдем жабылуы да мүмкін.