0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

30-дан астам адам үйсіз қалды

Алматы облысында қызыл жалын барак типті үйдегі бірдей сегіз пәтерді жалмап, 30-дан астам адам күн суықта далада қалды. Оның жартысынан астамы балалар екен. Өрт кезінде әрең қашып үлгергендер қазір туыстарын жағалап жүр. Ауыл тұрғындары өрттің шығуына электр сымдарының ескіргені себеп деп, өз наразылықтарын білдіруде. Оқиғаның қалай болғанын, түн ортасында аяғынан тік тұрған атқамінерлердің не дегенін тілшіміздің келесі материалынан қаныға аласыздар.

X