33 қазақстандық Сауд Арабиясынан елге жеткізілді

Коронавирус қаупі бар елдерде қалып қойған жерлестеріміз елге жеткізілуде. Қазақстан билігі 33 отандасымызды Сауд Арабиясынан Ақтауға алып келді. Дегенмен, 100-ге жуық қазақстандық азамат елге келуден бас тартып, сол жақта өз еркімен қалған. Олардың көпшілігі келісім-шарт бойынша Корольдіктің түрлі қалаларында жұмыс істеп жүргендер мен туристік жолдама арқылы қыдырып барғандар екен.

X