35 МЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НӘПАҚА ІЗДЕП, КОРЕЯ ТҮБЕГІНЕ АТТАНҒАН
1 апреля 2021
Оңтүстік Кореяға кеткен қазақстандықтардың саны 35 мыңнан асты. Оның 12 мыңға жуығы Корей түбегінде заңсыз жалданып, нәпақасын тауып жүр. Еңбек мигранттарының басым бөлігін еліміздің оңтүстігінен барғандар құрайды екен. Тұрғындардың шет ел асып жатқанына депутаттар да алаңдаушылық білдірді. Халық қалаулылары, екі ел Үкіметі еңбек визасының мәселесін бірлесіп шешу қажет деп санайды.