18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

4 жасар өгей ұлының аяқ-қолын байлап, сарайға қамаған

Батыс Қазақстан облысында ер адам 4 жастағы өгей ұлының аяқ-қолын байлап, бірнеше сағат бойы сарайға қамап тастаған. Оқиға Қазталов ауданы Бостандық ауылында болған. Бүлдіршінді ауылдастары араласып жатып, босатып алыпты. Кейбір мәліметтер бойынша, баланы байлап қоюға өгей әкесінің жеңгесі мәжбүрлепті. Өңірдің полиция департаменті азаматта психикалық ауытқу бар екенін атап өтті. Оқиғаның жай-жапсарын заң өкілдері мен білім бөлімінің мамандарынан құралған арнайы комиссия анықтап жатыр.

X