4 жастағы егіздер ыстан уланып, көз жұмды
4 февраля 2022
Ақтөбе облысында үйде қалған 4 жастағы егіздер ыстан уланып, қайтыс болды. Қайғылы жағдай Қобда ауданының Қызылжар ауылында болды. Өрт шыққан сәтте егіз ұл мен қыз үйде жалғыз өздері болған екен. Жұмысқа шыққан аналары оларды сыртынан құлыптап кетіпті.