20:00 Тікелей эфир «ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ»
20:30 Эфирде әрі қарай «ПАРЛАМЕНТ ONLINE»

«X-FACTOR 9 маусым » жобасында дауыс берудің ережесі

 

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен ұғымдар:
Ұйымдастырушы іс-шараның барлық кезеңдеріне жауапты заңды тұлға болып табылады.
Дауыс беру, оның ішінде төменде сипатталған барлық шарттарды сақтау
«Еуразия бірінші арнасы» ЖШС телеарнасының еншісінде.
Аймағы – Қазақстан Республикасы
Дауыс берудің нәтижесінде жеңімпаз атанған тұлға – осы Ережеге сәйкес, “Жеңімпаз” деп танылған “X Factor” жобасының қатысушысы жобаның бас жүлдесі 5 000 000 теңге алуға құқылы.
Байланыс операторы – ұялы, стационарлық телефон байланысының кез келген қазақстандық операторы.
Қатысушы (Пайдаланушы) – кез-келген қабілетті тұлға ұялы және телефон операторларының аталған қызметін Пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға болып табылады, сондай-ақ, олар Telegram мессенджерін пайдалана алады.
Дауыс беру 2023 жылдың 7 қаңтары мен 18 ақпаны аралығында өтеді.
Дауыс берудің басталуы мен аяқталуы “Еуразия” бірінші арнасындағы “X Factor” жобасының қорытынды концерттерінің эфирінде жарияланады.
1.1. Өзіне ұнаған сайыскерге дауыс беру үшін Пайдаланушы Telegram мессенджерінде @xfactorkz2022 қатысушы нөмірі бар мәтіндік хабарлама жібереді.
1.2. Жауап келген хабарламада абонент келесі ақпаратты алады: Сіздің дауысыңыз қабылданды. Сіздің таңдауыңыз: «ҚАТЫСУШЫ АТЫ».
1.3. Дауыс беру белсенді болмаған жағдайда, Пайдаланушы жауап ретінде SMS-пен келесі ақпаратты алады: Белсенді дауыс беру жоқ.
1.4. Телефон арқылы өзіне ұнаған қатысушыға дауыс беру үшін Пайдаланушы +7 727 345 4444 нөміріне қоңырау шалып, дауыс беру ұсынысынан кейін дыбыстық режимде қатысушының нөмірін тереді.
1.5. Жауап ретінде Пайдаланушы дауыс қай қатысушыға берілгені туралы дыбыстық ақпаратты алады.
1.6. Телеграмда дауыс беру ақысы- тегін, телефон арқылы дауыс беру ақысы -тегін. Дегенмен, Пайдаланушы өз байланыс операторының тарифіне байланысты дауыс беру нөміріне терілген кезде қалааралық байланыс қызметтерін дербес төлейді.
1.7. Дауыс беру осы Ережеде көзделген тәртіппен және шарттарды сақтап өткізіледі.
1.8. Пайдаланушы осы Ережеде белгіленген өз әрекеттерінің шарттары мен салдарын түсінеді.
1.9. Дауыс беру процесіне кіру арқылы Пайдаланушы осы Ережелерді автоматты түрде қабылдайды және келіседі.
1.10. Бұл ережелер сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

X