42 500 теңге туралы хабарлама елді дүрліктірді
8 января 2021
42500-ді тағы аламыз ба? Қазақстандықтарға кешелі бері жазда карантин кезінде үлестірілген сома қайта берілетіні туралы SMS келген. Бұл жайында олар әлеуметтік желіде жарыса жазды. Алайда, ақшаға тағы қарқ боламыз деген отандастарымызға бірден басу айтайық. Бұл Цифрлық даму министрлігі тарапынан кеткен қателік екен.







