Елорданың сол жағалауында өткен ғасырдың куәсі болған апатты үйлер сүріліп, қожайындарына баспана берілгені көпшіліктің есінде. Ал, жұрт арасында Промышленный аталып кеткен елдімекенде атқамінерлердің назарынан тыс қалған, дәл осындай екі бірдей үй бар. Құлаудың сәл-ақ алдында тұрған ғимаратта 50-ден астам отбасы күнелтіп отыр. Көбі зейнет жасындағы кісілер. Қыста от жағады, көктемде су сорғалайтын шатырды бекітеді. Бірақ, шыдам мен төзім таусылды, — дейді тұрғындар.
50-ден астам отбасы қабырғалары сөгілген апатты үйде тұрып жатыр
Дата: 22.09.2020