500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Кен орнында еңбек ететін 500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Солтүстік Қазақстандағы Обухов тау-кен байыту комбинатындағы дау тағы жалғасты. Бұл жолы өндірілген өнімді тасымалдауға жергілікті полиция кедергі келтіруде. Сол себепті де бірнеше күннен бері кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұр. Экспорттың арқасында жалақы алып отырған жұмыскерлер ертеңгі күндеріне алаңдаулы. Бизнеске негізсіз кедергі келтірді деп шағымданған олар, енді ел Президентіне хат жолдамақ.

X