14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

6 мың теңге үшін ауылдастарының итін өлтіріп, сойып жеген

Солтүстік Қазақстан облысында үш тұрғын итті ұрып өлтіріп, сойып, отқа қақтап жеген. Жаға ұстатарлық жағдай Большая Малышка елді мекенінде болды. Осы оқиғаға қатысты жеті қазынаның қожайыны полицияға арызданған. Айтуынша, үш ауылдасы оның итін жеп қойған. Ол үшеудің біреуіне 6 мың теңге қарыз болған. Соның өтеуі ретінде итін берген. Алайда ауылдастары ол итті үй күзету үшін емес, жеу үшін алған екен. Бұл оқиғаны Есіл жағасында балық аулап отырған екі жасөспірім де көрген. Олар алдымен иттің қыңсылаған дауысын естіп, кейін сол жерден өтіп бара жатқан кезде қаскөйлердің жануарды ағашқа асып, терісін сыпырып мүшелеп жатқандарына куә болған. Полицейлер 33 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Сондай-ақ, оның 38 және 36 жастағы екі сыбайласынан да жауап алынды. Сезіктілер жасаған әрекеттері үшін 300 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді немесе 30 тәулікке дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін.

X