2:30 Тікелей эфир «П@УТINA» бағдарламасы
3:15 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

6 трлн теңге қайда жұмсалды?

Мемлекет дағдарысқа қарсы бөлген 6 триллион теңге қайда жұмсалды? Әлеуметтік желіде осының есебін талап етушілер көбейді.Осыған орай, Қаржы министрлігі қомақты қаржының қандай мақсаттарға бағытталатынын жариялады. 6 трлиллионның 3,4 триллионы қазынадан, 2,5 триллионы бюджеттен тыс көздерден алынады. Шамамен 14 млрд доллар болатын бұл қаражат халықты жұмыспен қамтуға, табысынан айрылғандарға арналған ай сайынғы көмекке, әлеуметтік төлемдерге, тұрғын-үй құрылысына, салық табысының шығындарын өтеуге және Президент тапсырған өзге де бағыттарға жұмсалмақ.

X