Қостанай облысында ішінде адам сүйегі бар қап табылды. Мәйіт қалдықтарын Белоглинка ауылының тұрғыны жуырда сатып алған үйінен анықтап, полицияға шұғыл хабарласқан. Алдын ала болжам бойынша, табылған дене қалдықтары 1982 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі. Ол осыдан алты жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен екен. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.
6 жыл бұрын жоғалған адам сүйектері қапқа салынған күйі табылды
Дата: 13.05.2020







