Алматыда 83 жастарғы қарт коронавирустан жазылып шықты. Қария 2 шілде күні жағдайы ауырлап жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліпті. Туыстарының айтуынша алдымен жөтел пайда болып, артынша тынысы тарылып, алқына бастаған. Дәрігерлер коронавирустан қарияның екі өкпесі бірдей қабынғанын жеткізді. Соның салдарынан өкпесіне ауа жетпей қалыпты. Қарт кісінің жағдайы өте ауыр әрі өзге созылмалы аурулары болғандықтан дәрігерлер өмірін сақтап қала аламыз ба деп қауіптенгендерін жасырмайды. Бірден жасанды тыныс алдыру апаратына қосып, он күннен астам уақыт жүргізілген ем нәтижесін беріп, қауіпті індеттен құлан таза айыққан. Бүгін ауруханадан шыққан қария дәрігерлерге алғысын білдірді. Айта кетейік, қалада орын тапшы болғандықтан балалар жүқпалы аурулар ауруханасы сәуір айынан ересектерді де қабылдап ем-дом жасауда.
83 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты
Дата: 14.07.2020