Ақтөбелік дәрігерлер екі айдан бері облыстық жедел жәрдем ауруханасында жатқан жігіттің туыстарын іздейді. Екі аяғынан айрылған 30 жастағы азаматты ешкім іздеп келмепті. Ол өзінің тегі тұрмақ, есімін де дұрыс білмейді. Есі кіресілі-шығасылы ер азамат әр кезде аты-жөнін әртүрлі айтатын көрінеді. Онымен Ақбаян Сұлтанмұратова тілдесіп келген еді.
-Тимур Ғұбайдуловичсіз бе сонда?
— (Басын издейді)
— Туыстарыңды білесіз бе?
— (Басын шайқайды)
Жас жігіт көп сөйлемейді. Жанындағылар да оның әңгімеме шорқақ екенін айтып отыр. Дәрігерлер есі кіресілі-шығасылы, дейді. Бір әңгіменің арасында Тимурмын, жасым 30-да деген. Алайда, қолында еш құжаты жоқ. Дәрігерлер тек жігіттің айтуы бойынша оны Тимур Бахитов деп біледі.
САЛТАНАТ РАХМЕТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС МЕЙІРБИКЕСІ:
«Ешкім іздемейді, келмейді. Осы уақытқа дейін ешкім келген жоқ. Өзі ес-тұсын дұрыс білмейді. Жауап бермейді сұраққа». Егер де бұл адам туралы білетіндер болса, бізге хабарласуларын сұраймыз. Өзін Ғұбайдулланың ұлы Тимурмын деуден танбаған жігіт жедел жәрдем ауруханасына өткен жылдың желтоқсанында түскен. Үсіп кеткен аяғын тізеден төмен кесуге тура келіпті. Дәрігерлер жігіттің тегі ұқсас адамдарды іздесітре келе, Бахитов деген азаматтың бұрын Жем қаласындағы колонияда жазасын өтегінін білген. Алайда, оның барлығын әлі құзырлы органдар нақтылауы тиіс екен. Жігіттің өзінен сұрағанымызда, ол қай жақта туғанын да, немен айналысқанын да есіне түсіре алмады.
— Родом откуда?
— А, не знаю.
— Как Вы здесь оказались?
— Здесь, нет, просто.
Егер жуық арада туыстары табылмаса, ол мүгедектер үйіне жіберіледі. Дәрігерлер қазір қажетті құжаттардың дайындалып жатқанын айтады.