14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

ҚЫЗЫЛОРДАДА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ШЕНЕУНІК АТАНДЫ!

9-сыныптың оқушысы департамент басшысына ақыл айтады. Яғни, кеңес береді. Ересектерден әбден көңілі қалған қызылордалықтар енді сыбайлас жемқорлықпен күреске мектеп шәкірттерін тартуда. Тиісті орган өкілдері осындай жаңа тәсілді қолға алған. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 

Жас толқын қоғамды өзгертеміз дейді. Қолымызға билік пен куәлік берсеңдер жемқорлықпен күресті мектептен бастаймыз деп құлшынады. «Дамирге мынадай куәлік беріледі. Бұл куәлікті таққаннан кейін мұрының көтеріліп кетпесін. Оқушылармен жұмыс жасап, біздің адал ұрпақтың жұмысын белсенді жүргізеді деп ойлаймын».  Дамир 15 жаста. 176 мектепте 9 сыныпта оқиды. «Адал ұрпақ» клуын басқаратын жасөпірім енді Қызылордадағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті  басшысының кеңесшісі. Штаттан тыс.

 

ДАМИР БОЗАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МҚІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ: «Облыс бойынша мені таңдап алып отырғанына қуаныштымын. Алдағы уақытта өз жұмысыма жауапкершілікпен қарайтыныма уәде беремін. Осы сабақтан жұмысым сабағыма әсер етпейді».

Бұл бастаманы оқушылардың өздері ұсыныпты. Олардың ойын құптаған орган басшылары жастармен өздерінің тілінде сөйлесіп, қоғамдағы жемқорлықты  жоюдың жаңа тәсіліне көштік деп мәз.  Болашақ ұрпақ мұндай кеселден аулақ болып өссе екен дейді.

 

АБЗАЛ МҰХИМОВ, ОБЛЫСТЫҚ МҚІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: «Бұл бір хайп емес, арзан пиар емес. Біздің қоғамда ақпарат әр түрлі қабылданады. Дегенмен, бұл бастама дұрыс бастама. Баланың психологиясын түсіне білсе. Баланың өзіне қажетті шаралар, біз кейде жасанды, бағынышты шараларды өткіземіз. Баланың амалсыз орындайды. Ал баланың тілінде сөйлессек ол біздің жетістігіміз».

Қызылордалықтардың бұл бастамасы қызу талқыға түсуде. Тұтас агенттік болып жеңе алмаған жемқорлықпен күреске  мектеп оқушысын араластыру қаншалықты дұрыс?

«Ол баланың ойлау қабілетіне байланысты, әр бала әр-түрлі ойнайды».

«Дұрыс емес негізі 20 ары қарай жауапкершілікте болуы керек қой адамға».

«Бірақ, негізі бұның жасы кішіғой енді».

«Вы знаете иногда дети умнее взрослых, но то что он на работу это конечно не правильно». «Құптамаймын, үкіметтің не істейн деген шығар андай крышасы кетейн деген шығар».

«Аузы толғандар жұмыс істетпейді ғой оған, жеп қоядығой бейшара баланы тым ерте бастапты». «АЛДАР КӨСЕ» М/Ф: Рахмет саған Алдар көсе. Бәрін бізге беріп, өзіңе дым алмадың ғой. — Менде бәрі бар апатай. Төбемде көк аспаным бар. Аяқ астымда жолым бар. Ақылды басым бар, одан артық не керек». Әзірге, Дамир ел-жұрттан мұндай алғыс алған жоқ. Жаңа қызметіне құлшына кіріскен мектеп оқушысының ісі жалаң ұран, жалған патриотизмге ұласпай, 15 жасар кеңесші жемқорлардың ісінен түңіліп кетпесе болғаны.

 

X