10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Дайын үйлерінің кілтін ала алмай отырған халық наразы

Астанада тағы баспана дауы. Бұл жолы «Нұрлы жер»  мемлекеттік бағдарламасының салымшылары наразылық білдіруде. Тұрғындар құрылысы толығымен бітіп, берілуге дайын тұрған үйдің оларға не себеппен үлестірмей жатқанын білмей дал. Тұрғын үй басқармасындағылар нақты датасын белгілемей, құрғақ уәделерімен әбден тойдырып бітті деп ашынады жұрт. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

» Елорданың сол жағалуында орналасқан мына тұрғын үйдің құрылысы былтыр қыркүйек айында бітіп қойған.  Алайда белгісіз себептермен  мемлекеттік бағдарламамен салынған  баспана заңды иелеріне әлі үлестірілмей отыр.  Байқасаңыздар мұнда ешбір тіршілік нышаны байқалмайды. Тіпті, мына қардың тазартылмағанына бірнеше айдың жүзі болған сыңайлы».

БАУЫРЖАН АМАНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Банкке барсақ олар акиматқа сілтейді. Акиматқа барсақ депарамент строительстваға сілтейді. Департамент строительстваға барсақ, олар центр соц защиты сілтейді. Сонымен нақты бізге бір датасын қойса, мысалы 1 май, болды біз кетер едік. Сөйтіп дата қойып жүргендеріне 5-6 рет болды. Желтоқсан, қаңтардың соңы деді, сосын ақпан деді. Уже наурыз басталып кетті.»

Бауыржан Аманов секілді өз үйіне кіре алмай жүрген 300- ге жуық азамат бар. Бәрінің де бас ауруы дәл осы тұрғын үй. Тіпті, кейбір пәтер қожайындары соңғы ақшаларын осында құйып, несие рәсімдеген. Салдарынан қазір далада қаңғып жүрміз, дейді. Ал өзгелері кімнің босағасын жағаларын білмей дал.

ЕРНАТ ҚАШҚЫНОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
«Өркенитті дамыған елдерде, біз енді 30 елдің қатарына қосыламыз деп жар салып жүрміз ғой. Елбасының өзі сондай міндет қойған. сол дамыған елдердің үлгісі бойынша  бұл банк әр шегерген сайын айыппұл төлеп отыру керек. Сол кезде банктердің жауапкершілігі артады. Сонда олар жанталасады. Бұл шегерілген сайын, бұл кісілердің шығындары өсіп жатыр. Ай сайын мысалы. Кемінде 100 мың теңгеден үй жалдайды ғой.».

Осылай деген тұрғындар тіпті үйге кіре алмай қаламыз ба деп алаңдайды. Себебі, Елорда да жер сипап қалған үлескерлер жетіп-артылады, дейді олар.

НАҒИМА НОРАХОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Қорқамыз, иә созылып кететіне. Мысалы сол уақытта кем дегенде жаңа айтылып кеткендей 100 мың теңгеден пәтер жалданып тұрады. Оны ешкім ескеріп жатырған жоқ. Ол мысалы вкладчиктың қалтасынан шығып жатыр ғой»

ҚАЛИПА ЕСПЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Мынау жаңадан үй беріледі дегенге қызымы құтты қоныс, бейбіт өріс болсын деп келген едім. Үй әлі де берілмеді. Өте жақсы үй. Бәрі біткен. Бірақ әлі күнге дейін берілмеген.»

Ал тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері бар гәп жер актісінде кеткен қателіктен болып отыр,-дейді. Яғни ол түзелмейінше, салымшыларға пәтер берілмейді деп қысқа ғана қайырды.

ЖАНСҰЛТАН МАТАЕВ, «ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ  БАНКІ» ОРТАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Біз өз жағымыздан өтетін барлық процедураның барлығын жасадық. Сәйкесінше, заңға сәйкес, бізден өткен бөлінген пәтерлердің иелерін біз тұрғын үй басқармасына береміз. Олар келісім шарт жасау керек. Сәйкесінше олар тұрғын үй басқармасынан олар үйді қабылдап алу керек. Осы қабылдау кезінде үй бітті, жер бітті жер актісінде бір қателіктер шығып, оны қазір Әділет министрлігіне  жөндеуге жіберді.»

Аталған мәселенің ақ-қарасын білмек болып, тұрғын үй басқармасына да хабарласып көрдік. Тұрғындардың шағымына байланысты шенеуніктер былай деді.

ЖАН МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Мен сіздерге нақты осы уақытта үй тұрғындарға беріледі деп айта алмаймын. Өйткені біздің тарапымыздан ешқандай қателік жоқ. Құжаттардың барлығы дайын тұр. Қазірде бізді кешеуілдетіп тұрған тек Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының құжаттарды реттеп дайындауы. Олар біткеннен кейін,  тұрғын үй әділет министрлігінде тіркелу керек.»

Осылайша, тұрғындардың нақты қай уақытта қоныс тойларын тойлайтыны әзірге белгісіз. Десе де жергілікті әкімшілік алдағы 3-4 аптада  мәселе оң шешімін табуы тиіс дегенге келтіріп отыр.

X