14:20 Тікелей эфир Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»
18:10 Эфирде әрі қарай Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»

Құрылысы 15 жылдан бері бітпеген тұрғын үйдің жыры

Елордада үлескеркерлердің ақшасына салынып жатқан «Территория комфорта» деп аталатын тұрғын үй кешені 15 жылдан бері бітпей жатыр. Осы уақыт ішінде оған қаржы құйған кейбір азаматтар қоныс тойын тойлай алмай, о дүниелік болыпты. Ал талай жылдан бері мызғымай тұрған кешен құрылысы енді тек 2022 жылы ғана қайта жалғасады екен. Мұны естігенде төбелерінне жай түскендей болған жұрт, енді кімге барып мұңдарын шағарын білмей, дал болып жүр. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Кезінде жарнамасы жер жарған «Территория комфорта»,  яғни «Жайлы мекеннің» бүгінгі сыйқы мынау. Құрылыс орта жолдан тоқтап, тіпті кейбір жері құлағалы тұр.

ГҮЛМАРАШ ЖАРТЫМБАЕВА, ҮЛЕСКЕР:
«Білмейміз кімге сенерімізді, Елорда адамдарының, үлкен кісілердің құлағына тимейді. Мына үлкен адамдар осынша жылап жатыр ғой. 500 адамның көз жасына қалмайық, бітіріп берейік деп, біреуінің құлағына тиіп, жаны ашымайды. Мен соған таңқаламын. 75-ке келдік енді қанша жыл өміріміз бар?»

Дәл Гүлмараш секілді 500-ге тарта отбасы пәтер алу үшін «Тамыз Инвест Групп» деген құрылыс компаниясына үйдің толықтай құнын төлеп берген. Алайда, бұла йопық жейміз деп ойламадық дейді. Содан  бері сақалды құрылысты бітіруге бірнеше компанияның шамасы келмеген. Алғашқы салымдарын банктен несиеге алған тұрғындардың көбі қазір кісі есігінде күнелтіп жүр. Үйлі болам деп үміттенген 20 азамат бұл күнде дүниеде жоқ.

ЖҰМАШКЕ ӨТЕПОВА, ҮЛЕСКЕР:
— Каждый год нам обещают. По чату читаем, все хорошо, все хорошо… Но когда это будет? Когда мне 70 лет, я доживу или нет?

Үлескерлер талай құзырлы орынның табалдырығын тоздырғанымен, нәтиже жоқ. Жұрттың сөзінше, бар міндеті мойнына алған «Елорда құрылыс» компаниясының директоры тұрғын үйді 2022 жылдан бастап саламыз депті. Бірақ, бүгін бас көтергендер бұл нақты шешім емес екеніне сенімді. Ал кезінде мәселені шешуге уәде еткен әкімдер қызметтерін бірнеше рет өзгертіп үлгерген.

ҚАРЛЫҒАШ ЕЛШІБАЕВА, ҮЛЕСКЕР:
«Елорда құрлыстың директоры бізді 2022 жылы саламыз деді. Оған дейін әлі үш жарым жыл бар. 01 03 Біз проблемный болғалы, бес әкім өзгерді Астанада. Әлі белгісіз, көріп жатсыздар екі күннің ішінде қандай өзгерістер болып жатқанын. 3 жарым жылда белгісіз бізді қандай өзгеріс күтіп тұрғанын».

Ал «Тамыз Инвест Групп» құрылысты созып жібергендіктен үлескерлер инвесторды ауыстыруға мәжбүр болған. Кейін құрлыс компаниясының басшылары сотталып кеткен соң нысан мүлде иесіз қалды. Қазір енді оған мердігер таңдалып жатыр екен.

АНТОН МАКСИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ СӘУЛЕТ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Жобалық-семталық құжат әлі дайын емес. Себебі мердігер әлі таңдалған жоқ. Ол мамыр айына дейін анықталады. Сонда ғана жобалаушы жағдайды бағамдап, үйдің құрылысына кірісуі тиіс».

Жаңа мердігер табылып, құрылысқа жан бітеді дегенді естісе де көпшіліктің жүзінен сенімсіздік байқалады. Дегенмен қандай жолмен болса да әйтеуір бір пәтерлі болуды тіліген жұрт әкімдіктің бұл сөзіне сеніп, жалдамалы пәтерлеріне тарқасты.

X