«Қаламқас» мұнай-газ кен орнындағы алапат өрт үш күннен бері әлі өшпей жатыр. Маңғыстаулық төтеншеліктерге Атыраудағы әріптестері көмекке келгенімен тілсіз жауды сөндіруге шамалары жетпеуде. Басты себеп, өрт болып жатқан аумаққа жету қиындық тудырған. Мамандар енді жерді қазып, оған баратын жол салып жатыр. Ал қызыл жалын кезінде ауаға тарап жатқан будақтаған түтіннен қоршаған ортаға зияны бар ма?. Тараптар пікірін тыңдаған тілшіміз жалғастырады.
«Қаламқас» кен орнындағы алапат өрт осымен үшінші күнге жалғасуда. Мамандар 24 наурыздан бері лапылдап жанып жатқан тілсіз жауды сөндіре алмай әлек. Күш жетпегендіктен, іргелес Атырау облысынан қосымша 7 техника жеткізілді. Оның ішінде 200 литр су шашатын авткөліктер де бар. Бірақ төтенше жағдайлар қызметкерлері өртті өшірудің тактикасын өзгеркенімен нәтиже болмай тұр.
Аймақ төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт болып жатқан аумаққа жету қиындық тудыруда. Сондықтан тілсіз жауды қалайда ауыздықтау үшін жерді қазып, жол салынып жатыр. Оған мықты деген 83 адам жұмылдырылған. Ал жергілікті жұрт үш тәуліктен бері будақтаған қою қара түтіннің ауаға таралып жатқанына алаңдаулы. Алайда, мамандар өрт кезінде бөлініп жатқан улы заттардың қоршаған ортаға ешбір зияны жоқ, дейді. Бұл күнде ауадан, топырақтан, судан арнайы сынамалар алынып, зертханаға жөнелтіліпті.
РУСЛАН ТӨКЕНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
“Сол күннен бастап біздің мемлекеттік экологиялық инстекторлары, зертхана мамандары тиісті ауадан, жерден және сол жақтан шығып жатқан судың сынамалары алынуда. Өйткені қоршаған ортаға елеулі әсер ететін жағдай орын алған жоқ».
Аймақтың бас экологының сһзінше, Каспийге де төніп тұрған қауіп жоқ. Өйткені, теңіздің өзі өрт шыққан жерден45 шақырым қашықта орналасқан екен. Тиісінше, теңізге судың төгілу қаупі де жоқ.
Ал, өрт тұтанған ұңғыманың жаңа екен. Тіпті, іске де қосылмапты. Тек бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде осындай оқыс жағдай туындаған. Қазіргі таңда арнайы комиссия өрттің шығу себептерін егжей-тегжейлі анықтауда.
БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
“Наурыздың 13-і мен 24-і аралағында 13 рет грифон болған. Олардың көпшілігі жойылып, тек 5-уі ғана қалған. Олардың біреуі қатты қысыммен тұрғандықтан тұтанған. Алдын ала болжам бойынша, қатты қысымның әсерінен тау жыныстарының жанасуынан өздігінен от тұтануы мүмкін. Тұтанудың нақты себебін комиссия анықтайды”.
Төтеншеліктердің мәліметінше, кеніште биіктігі 10-15 метрге жеткен газ-су қоспалы фонтан жанып жатыр. Огың аумағы 90 шаршы метрге жайылған. Қазіргі таңда шұғыл штаб құрылып, оқиға орнына жұмыс істеуде. «Қаламқастағы» жағдайды президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бақылауға алды. Ол өртті тоқтатып, жағдайды қалыпқа келтіру үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.