10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Алматыда қамауда ұсталған бойжеткенді полиция құтқарды

Алматылық бойжеткенді бұрынғы қамқоршысы ұрлап әкетіп, жалғыз баспанасын өз аттарына жазып беруді талап еткен. Бірнеше тәулік бойы қапаста қамалып отырған жерінен полиция құтқарыпты. Алайда, қазірдің өзінде қоқан-лоқы көрсетуін жалғастырып келеді екен. Тіпті, өзіне жәбір көрсеткендер қылмыстық істе куәгерге айналған көрінеді. Олардың арасында құзырлы органдардың қызметкерлері де бар көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Бойжеткен мына үйде тұрады. Қаңтардың 21-І күні кешкісін құрбысын күтіп алу үшін далаға шығыпты. Сол кезде бірнеше адам оны бас салып, ұрып-соғып, көлікке отырғызып алып кеткен».

Жәмилә 6 жасында анасынан,12 жасында әжесінен айрылып, жетімдер үйіне өткізілген. Ал әкесін мүлдем көрмеген. Апасы үйі мен екі жер телімін немересіне мұраға қалдырған. Бірақ, оны туысы өз атына аулдарып алыпты. Ал 2014 жылы жетім қызға мемлекеттен жаңа баспана берілгенде жағдайы тіптен қиындап кеткен.

ЖӘМИЛӘ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
«Нотариусқа барып, доверенность жаздыртқысы келді. Менің квартирамды сол жерде иелену үшін».

Бойжеткенді қолын қайырып, көлікке күштеп отырғызып жатқанын құрбысы көріп қалып, полицияға шағым түсірген. «Алғабас» шағын ауданын жоғалған қызды тәртіп сақшылары үш күннен кейін Алматы облысының Есік қаласынан тауыпты. Оны дәрі беріп, қапаста қамауда ұстаған. Полицияға бірнеше рет шағым түсіргенімен іс бір рет жабылып, қайта қозғалған. Күдіктілер әлі де қорқытуын жалғастырып келеді екен.

ЖӘМИЛӘ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
«Ертең барып Алатауский РОВД-ға өзіңнің заявлениеңді аласың және кешке таман мен саған келемін сені алып кетемін, нотариусқа барып, ана доверенносты жазып барлығын бітіріп тастайық, Егер де сен бұны істемесең мен сенің подругаларыңды, көріп отырсың ғой маған ештеме болмайтынын деп сөйтіп угрожать етті маған»

Қазір әбден үрейленіп қалған Жәмилә құрбысымен бірге тұрады. Үйіне заттарын алуға ғана барады екен. Іс жабылып кете ма деген күдігі де жоқ емес.

ЖӘМИЛӘ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
«КНБ-ның, МВД-ның сотрудниктері бар тағы да әйел бар. Солардың жауапқа тартылғанан қалаймын. Олар бұл істе свидетель сияқты болып келе жатыр.

Ал полицейлер қазір күдіктілердің барлығы анықталып, ұсталғандарын жеткізді. Қылмыстық кодекстің екі бірждей юбабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алыныпты».

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Бұл іске қатысы бар тұлғалардың барлығы анықталып, ұсталды. Ең басты тұлға да анықталды. Бұл қылмысты ұйымдастырушы азаматша. Осы азаматтардың әрқайсысының ролі тергеумен міндетті түрде анықталып, олар істеген әрекеттеріне қарай жазаларын алатын болады»

Заңгерлер бұл аса ауыр қылмыс санатына жататынын айтады. Егер күдіктілердің қылмыстары дәлелденетін болса, адам ұрлап, бопсалағандар 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылып, дүние-мүліктері тәркіленеді екен.

X