«ЧЕРНОБЫЛЬ. КАК ЭТО БЫЛО»
ДҮЙСЕНБІ 17:00

1986 жылдың 25 сәуірінен 26-ына қараған түндегі оқиғалардың қалай орын алғаны баяндалады.

Ең басты ерлікті жасаған – апаттың жалғасуына жол бермей, реакторды құм мен қорғасынның қалың қабатымен үйген тікұшақшылардың ерлігі еленбей қалған. Олар бастапқыда қорғасыннан жасалған қорғаныссыз күніне 1000 ұшуды орындап, реактордан 200 метр биіктікте жүрген.

Дереу апаттан кейін КСРО министрлер кеңесі төрағасының орынбасары Борис Щербин апаттың себептерін тергеу және салдарын жою бойынша үкіметтік комиссияның басшысы, ал академик Валерий Легасов мүшесі болып тағайындалды.

Деректі фильмнің авторлары Легасовтың неліктен өзіне қол жұмсағанын айтып береді. Өз-өзіне қол салардың алдында академик бес магнитофон кассетасына дауыстап, жазба қалдырып кеткен. Өзінің өлер алдындағы әңгімесінде ол чернобыль апатына шын мәнінде кімнің қатысы барын, болған қасірет үшін кім кінәлі екенін айтып кеткен.

X