«МАЧЕХА»
Сенбі
16:15
30 жасар Светлана Филиппова- тамаша ана және жар. Ол өзінің бақытты отбасын құрғанына сенімді. Оның баласы Антошка, сүйікті жары Сергей және Мәскеудің шетінде «екі бөлмелі» пәтері бар. Кенеттен жексенбі күнінің таңында олардың үйіне бейтаныс адам келеді. Оның айтқан хабары, Филипповтардың өмірін өзгертіп жібереді. Сергейдің 13 жасар қызы бар екені, оның анасы жақында ғана ісіктен қайтыс болғаны анықталады. Сергей әйеліне қыз жайлы ештеңе де білмегенін, бірақ одан бастарта алмайтынын мәлімдейді. Осылай Филипповтардың пәтерінде Марина пайда болады. Ол қыңыр, ерке жасөспірім. Өгей қызымен ара қатынастары қиын болғанына қарамастан, Светлана өгей ана емес, қыздың өз анасындай болуға дайын.
Шығарылған жылы: 2016
Шығарушы ел: Ресей
Режиссер: Александр Аравин







