Елімізде жыл басынан бері 800 келіншек сексуалды шабуылдың құрбаны болды. Күдіктілер бұрымдыларды әр түрлі жерден тосып алып отырған. Бірі жаман ойын жеделсатының ішінде асырса, енді бірі көлікке отырғызып, ешкім естімейтін, көрмейтін жерге апарып зорлаған. Статистикаға сенсек мұндай фактілердің дені Алматы мен Алматы облысында тіркеліпті. Алайда, мамандар деректер шындыққа жанаспайды, әсілінде құрбандардың саны бұдан да көп деп дабыл қағып отыр.
800 келіншек зорланған
Дата: 08.08.2019