3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

23 млрд теңгенің ағаштары қурап жатыр

Елордаға қоңыр күз келе қоймаса да, бір жыл бұрын 23 млрд теңгеге отырғызылған жасыл желектер уақыты жетпей қурап жатыр. Мәселен, Нұр-Сұлтанның қақ ортасындағы «Ботаникалық саябақтағы» 33 мың түп талдың басым бөлігі «өліп» қалған. Мамандардың бұл жөнінде өз уәжі бар. Олардың сөзінше биылғы жаз ыстық әрі құрғақ болғандықтан ағаштардың жайқалып өсуіне өз кесірін тигізген екен. Шын мәнінде табиғаттың сәнін келтіретін жасыл желектің қурауына не себеп?

X