Арман болған аппарат! Алматы облысында дерті дендеген шынашақтай қыз қиналып жүр. Милена Мизенцева туабітті дертке шалдыққан. Жіліншігі дамымай қалған ол өздігінен жүре алмайды. Осы уақытқа дейін арнайы аппаратқа арқа сүйеп келген екен, енді онысы да ескіріпті. Тез арада жаңаламаса, Милена биыл мектептен қалып қояйын деп отыр. Тиісті мекемелерден тиесілі көмекті күтіп шаршаған қыздың туыстары біздің телеарна арқылы көмек сұраған болатын.
Қаршадай қыз көмекке зәру
Дата: 27.08.2019