Алматы облысында алтын өндірушілер кен өңдеуге пайдаланған суды өзенге ағызып жатыр! Райымбек ауданына қарасты Қаратоған ауылының тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Пайдалы қазбаны өндіріп жатқан шағын зауыттың қожайыны ауылдықтардың жеріндегі қора-қопсысын күреп тастап жол салып алыпты. Ал оған қарсы шыққандарының үстінен шағым жазып, полицияға сүйрелейді екен. Кәсіпорын басшысы шекаралы аймаққа алыс-жақын шет елдің азаматтарын алып келіп жұмыс істетін көрінеді. Әбден мезі болған тұрғындар біздің арнадан көмек сұрады.
Кен орны сумызды ластады
Дата: 17.09.2019