«Артық қылам деп, тыртық қылды». Ақтөбеде көпір астында тұрып жатқан тұрғындар осылай деп байбалам салып отыр. Өйткені, құрылыстың кесірінен баспаналарының қабырғаларына сызат түскен. Ол аздай тарсыл-гүрсілден үйдегі кішкентайлардың ұйқысын бұзыпты. Енді зәре-құты қашқан баланы ұйқысын тыныштандыру үшін, емші біткенді жағалап әуреге түсіп жүрміз дейді. Тұрғындардың базынасына құлақ түріп қайтқан тілшіміз тарқатып айтсын.
Көпір астындағы өмір
Дата: 18.09.2019







