Тұрғындардың тірнектеп жиған теңгесін баяғыда әмияны мен қалтасынан ұрлайтын. Қазір телефонның ар жағында отырып-ақ, ақшаңызды үптеп кететіндердің тым көбейгенін ескерткіміз келеді. Жыл басынан бері елімізде 4000-нан аса отандасымыз, осындай алаяқтық оқиғадан опық жеген. Бұл өткен жылдан екі есе көп. Кімнен көреміз? Дүйім жұрттың жеке мәліметіне жауапты банктен бе? Әлде азаматтардың аңғалдығынан ба?
Телефонның ар жағынан ақша ұрлауда
Дата: 20.09.2019