Шымкентте егеуқұйрық қаптап барады. Кеміргіштердің көбейіп кеткендігі соншалықты адамдар арасында емін-еркін жүруге дағдыланған. Тіпті, ел-жұрт жаппай шомылып жүрген Қошқар ата өзенінде еркін жүзіп жүр. Ал, жергілікті билік болса, бюджеттен қыруар қаражат қаралғанымен, жұмысты тиісті деңгейде атқарып жатырмыз дегеннен ары аса алмай отыр.
Крыса қаптаған өзенге жұрт түсіп жүр
Дата: 24.09.2019