3:15 Тікелей эфир «ТАМАША CITY» бағдарламасы
6:00 Эфирде әрі қарай «ТАМАША CITY» бағдарламасы

Жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алған

Шымкентте 41 жастағы келіншек өлім аузынан аман қалды. Дәрігерлер жүкті әйелдің бауырынан бір уыс паразит алып шыққан. Ақ халаттылардың сөзінше, науқас №1-ші клиникалық ауруханасына шұғыл түрде жеткізілген. Ультрадыбыстық зерттеу кезінде оның бауырының оң жақ аймағында көлемі 19 сантиметр болатын «эхинококк кистасы» табылыпты. Ішінде 36-37 апталық сәбиі бар әйелді аман алып қалу үшін дәрігерлер шұғыл ота жасауға шешім қабылдайды. Алайда, дәл осы кезде ананың толғағы басталып кетсе керек. Сәтті жасалған операцияның арқасында салмағы 5 келі тартатын сау бала дүниеге келді. Қазіргі таңда, ана мен баланың жағдайы жақсы, дейді мамандар.

X