18:10 Тікелей эфир Фильм «СЕЗОН ПОСАДОК»
20:00 Эфирде әрі қарай «АНАЛИТИКА»

Браконьерлер 3 мың киікті қырған

Елімізде браконьерлерді тоқтатар күш болмай тұр. Жақында ғана Ұлттық қауіпсіздік комитеті үш мың бас киіктің мүйізін тәркіледі. Ол үшін Қазақстаннның түпкір-түпкірінен азаматтар ауыз біріктіріп, қылмыстық топ құрған. Ұзақ уақыт бойы дала еркесін аямай атқандардың көздегені — мүйіздерін шетелге сатып, қыруар қаржы табу. Бұл үшін олар ештеңеден де тайсалмайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

X