0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Әлеуметтік желідегі әкімдер

Сегіз ай бұрын Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге әлеуметтік желіге тіркеліңдер, халыққа жақын болыңдар деп пәрмен беріп еді. Іле-шала шенеуніктердің жаппай жеке парақша ашқаны да есімізде. Сол сәтте жалпақ жұрт облыстарды, ірі қалаларды одан қалды аудандарды кім басқарып отырғанын біліп, көріп қалып еді. Бірақ, содан бері шенеуніктердің бірі белсенді болып подписчик жинап алса, екіншілері тіптен желіден көрінбей кеткенге ұқсайды. Бұл не? Кезекті сәтсіз науқан ба, көзбояушылық па, әлде әкімдер президенттің сөзін елемеді ме?

X