Ақтөбеде енесі келінін 4 баласымен бірге үйден қуып жіберген. Қыстың көзі қырауда далада қалған келіншек, перзенттерін жетектеп дағдарыс орталығынан бір-ақ шығыпты. Әйелдердің құқығын қорғаумен айналысатындар соңғы уақытта отбасындағы кикілжіңнің зардабын тартатындар жиілеп кеткенін айтты. Бұрын келіншектер тек күйеулерінен, жігіттерінен таяқ жедік десе, енді жуан жұдырығын ала жүгіретіндердің қатарына қайын жұрттағылар да қосылыпты.
Енесі келінін 4 баласымен қуып шыққан
Дата: 29.11.2019