Күйеуі күн көрсетпеген әйел үйінен қашып тынды

Өмірім тозаққа айналды! Түркістан облысының тұрғыны Кәмшат Тастанова біздің тілшілерге осылай деп мұңын шақты. Күн көрсетпеген күйеуінен қашып кеткенін айтады. Тұрмыс құрғандарына 9 жыл болған. 4 баланы өмірге әкеліпті. Алайда күйеуі оны құдайдың құтты күні ұрып-соғады екен. Полицияға 9 мәрте шағым түсіргенімен сақшылар оны жылы жауып қоя салатын көрінеді. Амалы қалмаған келіншек құжатсыз, ақшасыз Алматыға қашып келіп, біздің арнадан көмек сұрады.

X