Енді таксистер арнайы тексерістен өтуі мүмкін. Өйткені таяқ тастам жерге 60-70 мың теңге сұрап құныққандар шетелдіктерді сөйтіп қорқытып алатын көрінеді. Одан бөлек елімізде медициналық туризмді дамыту қолға алынбақ. Ауыр диагнозы бар пациенттерді емдеу үшін бізде де барлық жағдай жасалған. Оны шетелдіктерді тартудың басты тетігіне айналдыруымыз керек дейді дәрігерлер. Тіпті сол үшін тур агенттіктерімен бірлесіп жұмыс жасауды жоспарлап қойыпты.
Медициналық туризм қолға алынады
Дата: 23.01.2020