20:55 Тікелей эфир Многосерийный фильм «ЮРОЧКА»
0:30 Эфирде әрі қарай Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»

Тараздағы педофил 25 жылға сотталды

Таразда мектеп дәретханасында 7-сынып оқушысын зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты. Азғын мәжбүрлі химиялық кастрациядан бөлек, енді өмірінің 25 жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Бұл елімізде қарастырылған максималды жаза екен. Қылмыстық істі қараған фемида өкілі дәл осындай шешім шығарды. Сондай-ақ, ол қыздың отбасына 5 млн теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді.

X