50 млн теңгенің жобасы жарты жолда қалды

Баянсыз бастама! Түркістан облысында қазынаның қыруар қаржысы жұмсалған жоба аяқсыз қалды. Ордабасы ауданындағы Боралдай ауылына тартылған ауыз су жүйесінің құрылысы жарты жолда тоқтап тұр. Салдарынан 50 млн теңгеге сатып алынған кейбір құрылыс материалдары ұрлана бастаса, енді бірі әлден бүлініп жатыр. Ауылда ауыз су болмағандықтан, тұрғындар елді мекен шетіндегі өзеннен есекпен тасып ішуге мәжбүр.

X