0:30 Тікелей эфир Ночной кинотеатр. Фильм «СЧАСТЬЕ МОЕ»
2:05 Эфирде әрі қарай «АЙНА» бағдарламасы

Елімізде 38 адам коронавирус күдігімен ауруханада

Елімізде коронавирус жұқтырды деген күдікпен 54 адам ауруханаға жатқызылды. Оның 16-нан аталмыш дерттің белгілері табылмаған, ал қалғандарына диагностика жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігі бүгін осындай күтпеген ақпарат таратты. Ал Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген 17 жастағы қыздан қауіпті вирус анықталды! Алайда бұл бүкіл әлемді шулатқан коронавирус емес, Гонконг тұмауы екен. Бірнеше күнде бас қалаға вирустың нағыз ошақтарының бірі Ухань қаласынан студенттер жеткізілмек. Дайындық қызу. Науқастар сағат сайын емес, минут сайын көбейіп жатыр.

X