Енді, коррупция жайлы құзырлы органдарға хабарлаған азаматтар 10 млн теңгеге дейін сыйақы ала алады. Бұл жөнінде өткен жылды қорытындылаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді. Сондай-ақ, агенттіктің алқа отырысында атышулы ЛРТ-ға қатысты тергеу аяқталғаны белгілі болды. Бюджетке келтірілген шығын 5,7 млрд теңгені құраған. Қазір, іске қатысы бар он адамның үшеуіне халықаралық іздеу жарияланған.
Былтыр мыңнан астам жемқор сотталды
Дата: 31.01.2020