Қасиетті қара домбыраны сындырып, ұлттық құндылықты қор қылған жігітті әлдекімдер ұрып соққан көрінеді. Енді өміріне қауіп төніп тұрғанын сезген ол елден кешірім сұрап әлек. Ал біздің заңның осал тұсы осындайда айқын байқалып отыр. Өйткені қасиетті аспапты қиратқан азамат жазасыз қалайын деп тұр. Алайда өзге ұлттың өкілінен не сұраймыз, ұлттық құндылықтарды мазақ еткен қазақ жастарын да көрдік осыған дейін.
Қара домбыраны қор қылды
Дата: 06.02.2020