Коронавирус: Қытай ауруын жасырғандарды өлім жазасына кеспек

Қытай билігі коронавирус жұқтырғанын қасақана жасырған азаматтарды өлім жазасына кеспек. Ал әлемде осы дертпен ауырып жатқандар саны 70 мыңнан асып кетті. Бізде жағдай қалыпты. Ухань қаласынан эвакуацияланған студенттер 14 күндік карантиннен шығарылды. Бірақ бақылау мұнымен бітпейді. Олар алдағы 10 күн бойы жергілікті медициналық қызметкерлердің қадағалауында болмақ. 2 апта бойы студенттерге қандай ем-шаралар жүргізілді? Олар Қытайға қайтуға ниетті ме?

X