Алдағы онжылдықта Жезқазған, Сәтпаев, Зырян, Риддер сынды өндірістік қалалар құрдымға кетуі мүмкін. Өйткені, елімізде пайдалы қазбалар сарқылудың сәл ақ алдында тұр. Бүгінгі өткен үкімет сағатында осыған жауапты министр алаңдатарлық болжам жасады. Нақтырақ айтсақ, алдағы 10-15 жылда елімізде мыс, қорғасын сынды металлдардың тапшылығы туындауы ықтимал. Оған кеңес заманында ашылған кен орындарының әбден тозуы, геолог мамандардың жаңа барлау жұмыстарын өз деңгейінде жасамауы себеп болуда. Еліміз тағы қандай қазбалардан таршылық көруі мүмкін?
Қазба байлықтар таусылып барады
Дата: 18.02.2020