10:25 Тікелей эфир Многосерийный фильм «НАША ДОКТОР»
14:20 Эфирде әрі қарай Многосерийный фильм «КЛЯНУСЬ ЛЮБИТЬ ТЕБЯ ВЕЧНО»

Балалардың билік өкілдеріне базынасы

«Бұл — бақытсыздық мекені!» Балалар салған сүреттердің көңілсіз көрмесіне арналған көңілсіз тақырып. Елорданың ең оқушысы көп мектебінде оқитындар қылқаламның көмегімен жоғарыға жанайқайын жеткізбек болды. Олар дәл үйлерінің жанынан зеңгір көкке тірелетін көпқабатты ғимараттардың салынуына қарсы. Өйткені, ол үйлер тұрғызылып, жаңа көршілер көптеп келетін болса, әр сыныптағы оқушы саны жетпіске жетеді екен. Қазірдің өзінде әр кабинетте қырық бала қатар отырып, оқып жатыр. Биліктегілер көрме ұйымдастырған көп оқушының көңіліне қарай ма екен?

X