Еліміз жаппай қауіпті індетпен күресіп жатқанда, кейбір пысықайлар қалтаның қамын ойлауға кіріскен. Шымкентте медициналық масканы қамбат бағаға сатпақ болған екі жігіт ұсталды. Олар бетпердені өзіндік құнынан 10-20 есеге дейін үстемемен өткізбекші болыпты. Бірақ, арам ойларын іске асыра алмады. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері оларды тауарды қолма-қол сатып жатқан жерінен қолға түсірген. Енді күдіктілер жасаған іс әрекеті бойынша заң алдында жауап береді.
Бетперде саудалаған алыпсатарлар ұсталды
Дата: 20.03.2020