Коронавирус құрбандарының мәйіті туыстарына берілмейді. Еліміздің бас санитары жақында пандемиядан көз жұмғандарды жерлеуге қатысты арнайы қаулы шығарды. Онда марқұм қайтыс болғаннан бастап, жер қойнына тапсырылғанға дейінгі жөн-жоралғылары тәтпіштеп жазылған. Қоштасу рәсіміне де санаулы, ең жақын деген туыстары ғана қатыстырылады. Және олар жерлеуден соң 14 күнге карантинге жатып шығуы керек.
Коронавирус құрбандарының мәйіті туыстарына берілмейді
Дата: 03.04.2020