Шебердің қолы ортақ! Түркістан облысында бір топ әже игі істің ұйытқысына айналды. Қазығұрт ауданы, Жігерген деп аталатын ауылдың апалары өз қаржыларына ине-жіппен пен мата сатып алып, жаппай медициналық маска тігуге көшті. Оны елді мекендегі қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға және тұрмысы төмен отбасыларға тегін таратып жатыр. Олар осылайша, әлем халқы күресіп жатқан қауіпті індетті ауыздықтауға шамасы келгенше күш қосуда.
Түркістандық әжелер маска тігіп, тегін таратуда
Дата: 03.04.2020