Елімізде 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырып, емделіп жатыр. Олардың ішінде біреуінің жағдайы ауыр. Бұл туралы бас санитар Айжан Есмағамбетова брифинг барысында мәлімдеді. Жалпы алғанда, еліміз бойынша 16 науқас қазір ауыр халде екен. Ал инфекцияға шалдыққандардың 45-і бала болып шықты. Ақ халаттылар науқастардың жартысынан көбіне қатысты жағымды жаңалық айтты!
120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған
Дата: 06.04.2020