Карантиннің кесірінен қып-қызыл шығынға баттық деп түркістандық шаруалар шырылдап жатыр. Олардың өнімін егістіктің басынан алып кететін алыпсатарлардың дені өзге елдің азаматтары екен. Қазақстанға кіре алмай, сауда саттық тоқтап қалған. Көкөністі көлікке тиеп, шет ел асыруға шамасы жоқ диқандар енді шенділерден көмек сұрап отыр. Тараптардың уәжін тілшіміз тыңдаған еді.
Диқандар: 2-3 күнде шығармасақ, капустамыз жарылады!
Дата: 10.04.2020