Мамырдан бастап қара алтын өндірісі 9,7 млн баррельге дейін қысқармақ. Мұнай нарығының алпауыттары араға бір жарым ай салып, ымыраға келді. Бірақ ОПЕК мүшелері «тарихи» деп баға берген келісімге сарапшылар күмәнмен қарап отыр. Қазақстан да тиісінше, қара алтын өндірісін қысқартуды құптауда. Салдары қандай болмақ? Күллі әлемнің назарын аударған ұйымның ұйғарымы бізге қалай әсер етпек?
ОПЕК+ елдері ымыраға келді
Дата: 13.04.2020